Сейілда Байшақов - 70 жаста!

Сейілда Байшақов - 70 жаста!

28 тамыз 2020, 08:30
Бүгін Қазақ футболының тарихындағы ең жарқын ойыншылардың бірі Сейілда Байшақов 70 жасқа толып отыр. 

БАЙШАҚОВ СЕЙІЛДА ИКРАМҰЛЫ

Туған күні: 28.08.1950 ж

Туған жері: Қазақстан, Жамбыл қаласы

Жамбыл футбол мектебінің тәрбиеленушісі

Алғашқы жаттықтырушысы: Евгений Петрович Ротт

Орталық қорғаушы позициясында ойнады. 

1966-1967 жылдар аралығында - «Қайрат» (Жамбыл)

1968-1970 жж. - «Энергетик» (Жамбыл)

1971 жылдан 1981 жылға дейін - «Қайрат» (Алматы)

1971 жылы «Қайрат» құрамында теміржолшылардың Халықаралық спорт одағының кубогын жеңіп алды.

1977 жылы ол КСРО ұлттық құрамасының құрамында 1978 жылғы FIFA Әлем кубогының іріктеу матчтарына қатысты.

1972 жылы оған «КСРО спорт шебері» атағы берілді.

2020 жылы «Парасат» мемлекеттік орденімен марапатталды.

 

Сейілда Байшақов өмірін футболға арнады. Жастайынан жақсы көрді. Әкесі Икрам дене шынықтыру ұжымдарының жарыстарына қатысты. Ұлы Отан соғысының ардагері болды. Ағасы Сейітжан Жамбылдың «Металлист» командасында шабуылшы болып, 1967 жылы алматылық «Қайрат» қызығушылық танытты.

Сейілда Байшақов спорт мектебін аяқтап,  Жамбыл облысының чемпионатында екі жыл ойнады. Кейін жергілікті «Энергетик» шеберлер командасына шақырту алды.

КСРО Чемпионатының «Б» санатындағы Қазақстан аумағындағы үш маусым жас футболшының шеберлігін шыңдады. Сейілда Байшақов «Энергетик» сапында алғашқы голдарын соқты. 

1969 жылы Сейілда Байшақов Қазақ КСР ұлттық құрамасына шақырту алды. Сол кезеңдегі құраманың бас бапкері Борис Каретников еліміздің әр аймағынан ең жақсы футболшыларды жинады.

«Қайраттағы» алғашқы ойынын 1971 жылдың 27 наурызында Ворошиловград қаласында жергілікті «Заря» командасына қарсы өткізді. Жаттықтырушылар штабы 20 жастағы қорғаушыға сенім артты. «Қайрат» қарсыластарының қарқынына төтеп беріп, тең тарқасты. Кездесуде есеп ашылмады. Жас қорғаушы үшін жақсы нәтиже болатын. 

Келесі турда Сейілда Байшақов командасы Ленинградтың «Зенит» командасын ұтты - 3:1. Жас футболшы команданың тұрақты ойыншысына айналып, одақ баспасөзінің назарын өзіне аудартты. 

 

Қазақстан футбол федерациясы аты аңызға айналған отандық футболдың ардагері, ҚФФ президентінің кеңесшісі Сейілда Байшақовты мерейтойлы 70 жасқа толуымен құттықтайды. 

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары