Бұқаралық спортты дамыту стратегиясы талқыланды

Бұқаралық спортты дамыту стратегиясы талқыланды

27 тамыз 2020, 16:30
Қазақстан футбол федерациясы мен аймақтық футбол қауымдастықтары бұқаралық спортты дамыту стратегиясын талқыға салды.

Қазақстан футбол федерациясының бастамасымен өткен басқосуға әуесқой футболмен айналысатын мамандар жиналды.

Форумға қатысушылар карантинге байланысты турнирлердің тоқтатылғанын, әрі қарай бақылауға алу жолдарын талқылады.

Кездесуді Қазақстан футбол федерациясының бұқаралық, жасөспірімдер және әйелдер футболының директоры Ерлан Жамантаев жүргізді.

Ең алдымен әуесқойлар арасында спорт шараларына уақытша тыйым салу жұмыстарын әрі қарай жалғастыру жөнінде айтылды.

Сонымен қатар кездесуде қатысушылар Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің бұқаралық спортты дамытудың кешенді жоспарын жүзеге асыру жолдарын қарастырды.

Кездесуге қатысушылар бірқатар нақты ұсыныстарын білдірді.

«Кешенді жоспарда қойылған мақсаттарға қол жеткізу жолында Қазақстан футбол федерациясы аймақтарда бұқаралық футболды дамытуға қолдау көрсете бермек. Алдағы уақытта өңірлерді дене шынықтыру және спорт шараларын жиі ұйымдастырып, іс-шараларын аясын кеңейтуді көздеп отырмыз», - дейді Қазақстан футбол федерациясының Бұқаралық, жастар және әйелдер футболы департаментінің директоры Ерлан Жамантаев.

Бөлісу
Жоғары