Медициналық хаттаманы бұзған «Астана» футбол клубына айыппұл салынды
17 қыркүйек 2020, 19:30
Тәртіптік-бақылау комитетінің отырысында OLIMPBET-футболдан Қазақстан чемпионатының 8-турында болған Шымкенттің «Ордабасы» мен елордалық «Астана» арасындағы ойын қаралды.
СМедициналық хаттамасын бұзғаны үшін «Астана» футбол клубына 80 АЕК айыппұл салынды - 222 240 теңге. Қосалқы құрамның ойыншыларының бетперделері болмаған.
Айыппұл 2020 жылдың 15 қазанына дейін төленуі тиіс.
Шешім ҚФФ Тәртіптік ережесінің 66-бабына сәйкес қабылданды.
Жаңалықтар
08 қыр., 05:12
08 қыр., 00:40
07 қыр., 21:50
05 қыр., 01:18