Қазақстан - Беларусь ойынынан кейінгі баспасөз мәслихаты

Қазақстан - Беларусь ойынынан кейінгі баспасөз мәслихаты

08 қыркүйек 2020, 05:12
Алматыда Қазақстан мен Беларусь ұлттық құрамаларының бас бапкерлері ойыннан кейінгі баспасөз мәслихатына қатысты.

Михал Билек, Қазақстан құрамасының бас бапкері

- Өте өкінішті, ойында жеңіліп қалдық. Тең есеп екі жаққа да қанағат нәтиже болар еді. Бірінші таймда орталық алаңда мәселелер болды. Екінші таймда ойын жүйесін алмастырдық. Екінші таймда жақсы ойнай бастадық. Алғашқы голды қателіктен соң жіберіп алдық. Әрі қарай жақсы ойын өрнегін көрсетіп, есепті теңестірдік. Жеңіс үшін тағы бір гол керек еді. Соңында тағы бір гол жіберіп алдық. Жеңіске жеткіміз келді. Өкінішке қарай, бұл ойында ұпай ала алмадық.

 

Михаил Мархель, Беларусь құрамасының бас бапкері:

- Ойынның көп бөлігінде басымдыққа ие болдық. Жеңіске жеттік, бақыттымыз. Алғашқы ойыннан кейін жеңіс ауадай қажет еді. Жақсы қарсылас, жақсы ойын болды. Ойынды әрі қарай талдап, келешекке бет бұрамыз. Ойынды бірқалыпты өткізбедік. Басымдықты айырылған кездеріміз болды. Алғашқы голдан кейін қорғаныста жатып алдық. Кейін жағдайды түзеп, жеңіс голын соқтық.

 

Қазақстан футбол федерациясының бас серіктесі - «Самұрық Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ

«OLIMPBET» букмекер кеңсесі - футболдан Қазақстан құрамасының бас серіктесі

Бөлісу
Жоғары