Қазақстан мен Черногория жастар құрамалары арасындағы Еуропа чемпионатының іріктеу матчы жабық өтеді

Қазақстан мен Черногория жастар құрамалары арасындағы Еуропа чемпионатының іріктеу матчы жабық өтеді

03 қыркүйек 2020, 12:30
Жанкүйерлер мен БАҚ өкілдерінің назарына!

Санитариялық-эпидемиологиялық шараларын сақтау қажеттігін ескере отырып, Қазақстан футбол федерациясы жастар арасындағы Еуропа Чемпионатының іріктеу турниріндегі Қазақстан мен Черногория ойыны жанкүйерлер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін жабық өтетінін еске салады. Рұқсат ойынның ресми тұлғалары мен хабар таратушы топқа берілген.

«QAZSPORT» телеарнасы ойынды тікелей эфирде көрсетеді. Көрсетілім елорда уақытымен 18:50-де басталады.

Түсіністік танытқандарыңызға рахмет!

Бөлісу
Жоғары