ҚАЗАҚСТАН ЖАСТАР ҚҰРАМЫСЫНЫҢ ҚАТАРЫНДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР

ҚАЗАҚСТАН ЖАСТАР ҚҰРАМЫСЫНЫҢ ҚАТАРЫНДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР

01 қыркүйек 2020, 09:30
Қазақстан жастар құрамасының екі ойыншысы Черногория және Израиль құрамаларымен өтетін ойындарға қатыспайды.

Қақпашы Данил Устименко мен шабуылшы Акмаль Бақтияров жастар арасындағы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінің келесі матчтарына көмектесе алмайды.

Қақпашы Данил Устименко УЕФА Ұлттар лигасының матчтарына қатысу үшін ұлттық құрамаға шақырылды.

Ал, Ақмаль Бақтияров жарақатына байланысты жиынға келе алмады.

Олардың орнына қызылордалық «Байқоңырдың» қақпашы Константин Пузанов пен «Арыс» командасының қорғаушысы Сағи Совет шақырылды.

Қазақстан жастар құрамасы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде аясында 3 қыркүйек күні Черногорияны қабылдайды.

Ал, 8 қыркүйекте Алмас Құлшынбаевтың команласы сырт алаңда Израиль құрамасымен ойнайды.

Қазақстан футбол федерациясының бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ.

Бөлісу
Жоғары