Жасөспірімдер арасындағы турнирлер тоқтатылды
УЕФА Атқарушы комитеті жасөспірімдер арасындағы құрлықтық чемпионаттың іріктеу кезеңі мен финалын 2021 жылға ауыстырды.
Жоспарланған матчтардың саны азайтылды.
17 жасқа дейінгі қыздар арасындағы Еуропа Чемпионаты:
- Іріктеу кезеңі 12 топтық жарыстан тұрады және 2021 жылдың ақпан айының соңына дейін өткізіледі;
- элиталық раунд плей-оффқа ауыстырылды;
- плей-оффта 14 ұлттық құрама 2021 жылдың наурызының соңына дейін ойнайды;
- Шешуші сын 2021 жылдың мамырында Фарер аралдарында өтеді.
17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы Еуропа Чемпионаты:
- Іріктеу кезеңі 13 топтық жарыстан тұрады және 2021 жылғы наурыздың соңына дейін өткізіледі;
- элиталық раунд болмайды;
- Финалдың ойындары 2021 жылдың мамырында Кипрде өтеді.
19 жасқа дейінгі қыздар арасындағы Еуропа Чемпионаты:
- Іріктеу кезеңі 12 топтық жарыстан тұрады және 2021 жылдың ақпанында өтеді;
- элиталық раунд плей-оффқа ауыстырылды;
- плей-офф кезеңінде 14 ұлттық құрама ойнайды және 2021 жылдың сәуірінде өтеді;
- Финал 2021 жылдың шілдесінде Беларусь елінде өтеді.
19 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы Еуропа чемпионаты:
- Іріктеу кезеңі 13 топтық жарыстан тұрады және 2021 жылдың наурызында өтеді;
- элиталық раунд плей-оффқа ауыстырылды;
- плей-офф матчтарын 14 ұлттық құрама ойнайды және 2021 жылдың мамырында өтеді;
- Финал 2021 жылдың шілдесінде Румынияда өтеді.
«Шешім қазіргі ахуалды ескере отырып, санитаиялық-гигиеналық ережелерге сәйкес хаттамалық және қаржылық жүктемелерді азайту мақсатында қабылданды. Жол жүру және орналасу мәселелеріне қатысты әлемдік қауымдастық қатал тәртіп бекітті. Жасөспірімдердің дайындығы бапкерлер корпусынының талдау жұмыстарымен құрылады. Олардың шеберлігі мен ойын мәнерлеріне мән береді. Барлық ақпарат жиналып, оқу-жаттығу жұмыстарында қолданылатын теориялық жаттығуда қолданылады», - дейді ҚФФ Құрама командалар департаментінің директоры Қайрат Нұрдәулетов.
«Жасөспірімдер мен балалар арасындағы ішкі жарыстарды өткізу сұрақтары мемлекеттік органдар, аймақтық федерациялар, футбол орталықтары мен академиялардың өкілдерімен үнемі талқылап отырамыз. Онлайн-конференция жиі ұйымдастырылады. Оқу-жаттығу процесі мен күнтізбе жоспары еліміздегі жағдайға байланысты жүргізіледі. Алайда, оның тағдыры санитариялық-эпидемологиялық жағдайға байланысты. Карантинге байланысты жас қазақстандық футболшыларға арналған турнирлер әзірге тоқтатылды», - дейді ҚФФ бұқаралық, жасөспірімдер және әйелдер футболы департаментінің директоры Ерлан Жамантаев.