Әділбек Жақсыбеков: «Қазақстан ұлттық құрамасы тапсырманы асыра орындады»

Әділбек Жақсыбеков: «Қазақстан ұлттық құрамасы тапсырманы асыра орындады»

05 қыркүйек 2020, 00:15
Қазақстан футбол федерациясының басшысы Әділбек Жақсыбеков футбол қауымдастығын ұлттық құраманың жеңісімен құттықтады:

«Футбол жанкүйерлерін маңызды жеңіспен құттықтағым келеді. Әрі қарай турнир жолында сенімді арттыра түсетіні анық. Сырт алаңдағы үш ұпай - керемет нәтиже. Қазақстан ұлттық құрамасы тапсырманы асыра орындады.

Ұлттық құрама ұзақ уақыт бойы ойын тәжірибесінің жоқтығына қарамастан дұрыс жолда келе жатқанынын көрсетті. Қиын кезеңде қайыспас қайсарлық пен ынта-жігер алда тұрады. Ел үшін намысқа тырысқан футболшылар жарақаттарына қарамай аянбады.

Бүгінгі жеңіске футбол қауымдастығы - жанкүйерлер, мамандар және БАҚ өкілдері үлкен үлес қосты деп сенемін. Ұлттық құрама қолдаусыз қалмады.

Қазақстан құрамасына сәттілік, зор денсаулық және мол табыс тілеймін!»

Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділбек Жақсыбеков

Бөлісу
Жоғары