ҚФФ мен ҚКФЛ басшылары ФИФА конгресіне қатысты
19 қыркүйек 2020, 11:30
Форум биыл 5 маусымда Аддис-Абеба қаласында өтуі қажет еді. Алайда, пандемия салдарынан кейінге шегерілді.
ФИФА конгресіне Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділбек Жақсыбеков, бас хатшы Азамат Айтқожин және Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының жетекшісі Олжас Абраев қатысты.
ФИФА конгресі екі ережені мақұлдап, қаржылық құжаттарды бекітті.
«Әлем футболына инвестицияны бес рет ұлғайттық. Қазіргі жағдайда айтарлықтай қаржыны үнемдей алдық. Дағдарысты ФИФА емес, футбол бастан кешіріп жатыр. Біздің міндетіміз көмек көрсету», - деп мәлімдеді ФИФА президенті Джанни Инфантино.
Келесі конгресс 2021 жылы Токиода өтеді. Әлем футболының кезекті жиыны Жапон футбол қауымдастығының 100 жылдығына арналып, Токио Олимпиадасы қарсаңында ұйымдастырылмақ.
Жаңалықтар
18 қыр., 00:30
08 қыр., 05:12
08 қыр., 00:40
07 қыр., 21:50