Видео: Қазақстан әйелдер құрамасы Сербиямен өтетін ойынға дайындығы

Видео: Қазақстан әйелдер құрамасы Сербиямен өтетін ойынға дайындығы

21 қазан 2020, 09:00
Бейсенбі күні қазақстандық команда Белградқа жол тартады. Әрі қарай Стара-Пазова елді-мекенінде алаң иелерімен бақ сынасады.

Кездесу 24 қазанда Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі аясында өтеді.

Бұған дейін жарақат алған ойыншылардың қатарына жартылай қорғаушы Камила Құлмағамбетова қосылды.

Ойыншы алдағы кездесуге қатыспауы мүмкін.

Жағымды жаңалықтардың ішінде мәскеулік ЦСКА командасының қорғаушысы Юлия Мясникованың оқу-жаттығу жиынына келгенін айтуға болады.

 

Қазақстан футбол федерациясының бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ

Бөлісу
Жоғары