Қазақстан футбол федерациясының Тәртіптік-бақылау комитетінің отырысы өтті 

Қазақстан футбол федерациясының Тәртіптік-бақылау комитетінің отырысы өтті 

28 қазан 2020, 14:30
Жиында OLIMPBET-футболдан Қазақстан чемпионатының XIV және XV тур матчтары, Бірінші Лига клубтары арасындағы Қазақстан Чемпионатының XII тур ойындары қаралды. 

OLIMPBET-футболдан Қазақстан чемпионаты

XIV тур

«Қызыл-Жар» (Петропавл) - «Тараз» (Тараз)

Бір матчта алты ойыншының ескерту алуына байланысты «Тараз» ФК 100 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Шешім ҚФФ Тәртіптік ережесінің 48-бабының 1-тармағына сәйкес қабылданды.

Айыппұл 2020 жылдың 28 қарашасына дейін төленуі тиіс. 

 

XV тур

«Жетісу» (Талдықорған) - «Қайсар» (Қызылорда)

Қарсыласына шамадан тыс күш қолданып, ойын ережесін бұзғаны үшін «Қайсар» ФК ойыншысы Александр Колев екі матчқа шеттетілді.

Шешім ҚФФ Тәртіптік ережесінің 44-бабы 1-тармағының 2-тармақшасына сәйкес қабылданды.

Қабылданған шешім 2020 жылдың 27 қазанында күшіне енді.

 

Бірінші лига клубтары арасындағы Қазақстан чемпионаты

XII тур

«Оңтүстік академиясы» (Шымкент) - «Ақжайық» (Орал)

Қарсыласын гол соғудың айқын мүмкіндігінен айырып, ереже бұзғаны үшін «Оңтүстік академиясы» ФК ойыншысы Борис Фоменков бір матчқа шеттетілді.

Шешім ҚФФ Тәртіптік ережесінің 44-бабы 1-тармағының 1-тармақшасына сәйкес қабылданды.

Қабылданған шешім 2020 жылдың 26 ​​қазанында күшіне енді.

Бөлісу
Жоғары