Видео: Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының дайындығы

Видео: Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының дайындығы

04 желтоқсан 2020, 23:00
Біздің ойыншылар 9 желтоқсанда Венгрия құрамасын қабылдайды.

Бас бапкер Рикардо Кака́ командасының оқу-жаттығу жиыны Нұр-Сұлтанда өтеді.

Венгриямен кездесу Еуропа Чемпионатының іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойын болмақ.

Оқу-жаттығу жиынының алғашқы күніне команда толық жиналмады. Қалған ойыншылар ертеңге дейін қатарға қосылмақ.

Қақпашы Игита мен қорғаушы Дуглас бұрынғы жарақаттарынан кейін алып жатқан емін аяқтап қалды.

Лиссабонның «Спортинг» клубының шабуылшысы Тайнан команданың қатарына ойын қарсаңында қосылады.

Ұлттық құраманың кеңейтілген құрамы мына жерде көрсетілген.

Толығырақ бейнематериалдан көре аласыздар.

Қазақстан футбол федерациясының бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ

Бөлісу

Жаңалықтар

30 қар., 20:30
Жоғары