Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының жаттығуынан фоторепортаж

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының жаттығуынан фоторепортаж

05 желтоқсан 2020, 12:30
Қазақстан құрамасының оқу-жаттығу жиыны жалғасуда.

Біздің ойыншылар алдағы кездесуге дайындықты бастап кетті.

Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Қазақстан құрамасының алғашқы ойыны 9 желтоқсанға жоспарланған.

Рикардо Кака́ шәкірттері алғашқы ойында Венгрияны қабылдайды.

Қазақстан ұлттық құрамасының алғашқы жаттығуына толық құрам қатыса алмады.

Қақпашы Игита мен қорғаушы Дуглас жарақатын емдеп, ертең құраманың сапына қосылады.

Елордалық «Нұр-Сұлтан» командасының қақпашысы Ринат Умешев қақпашылардың жаттығуына көмектесуде.

Бүгін қосалқы құрамнан талдықорғандық «Жетісу» қақпашысы Нұрәлем Байдолла келеді.

Лиссабондық «Спортинг» шабуылшысы Тайнан чемпионаттағы ойынын өткізіп, елге келеді.

Қазақстан құрамасының оқу-жаттығу жиынындағы көңіл-күйін фотогалереядан тамашалай аласыздар.

Қазақстан футбол федерациясының бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ

Бөлісу

Жаңалықтар

30 қар., 20:30
Жоғары