Видео: Футзалдан Қазақстан құрамасының матч алдындағы жаттығуы

Видео: Футзалдан Қазақстан құрамасының матч алдындағы жаттығуы

09 желтоқсан 2020, 01:30
Рикардо Кака́ шәкірттерінің Еуропа чемпионатының жаңа іріктеу кезеңіндегі ойынына бір тәуліктен астам уақыт қалды.

Іріктеу кезеңінің алғашқы қарсыласы Венгрия құрамасы болмақ.

Өкінішке қарай, Қазақстан құрамасының қақпашысы Леонардо Игита ойынға қатыса алмайды.

Оның Covid-19 тапсырған сынағы оң нәтиже көрсетті.

Негізгі құрамның қатарынан осымен төрт ойыншы шығып қалды.

Бұған дейін Леонардо Мендонка, Қайрат Иманалин және Тайнан Рего жарақаттарына байланысты ойынға қатыспайтыны белгілі болды.

Біздің құрама жеңіске жету мақсатын алға қояды.

Қосалқы құрамнан шақырылған ойыншылардың ерік-жігері басты кепіл болмақ.

Қазақстан құрамасының соңғы дайындығы мен ойын алдындағы мәлімдемелерін бейнематериалдан көре аласыздар.

Қазақстан футбол федерациясының бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ
 

Бөлісу
Жоғары