ҚФФ Атқарушы комитеті OLIMPBET-футболдан Қазақстан чемпионатының қатысушыларының қатарын кеңейтті

ҚФФ Атқарушы комитеті OLIMPBET-футболдан Қазақстан чемпионатының қатысушыларының қатарын кеңейтті

11 қаңтар 2021, 19:30
Қазақстан футбол федерациясының Атқарушы комитетінің отырысы өтті.

ҚФФ Атқарушы комитеті Қазақстан футбол федерациясы мен Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының нормативтік құжаттарына өзгерістер енгізу туралы шешім қабылдады:

- OLIMPBET-футболдан Қазақстан чемпионатына қатысушылар санын 12 командадан 14 командаға дейін көбейту;

- ҚФФ ұйымдастыратын жарыстарға қатысатын Қазақстан Республикасының футбол клубтарының сертификация ережесін қатаңдату;

- ҚФФ допингке қарсы ережесі бекіту;

- 2021 жылғы турнир маусымында ойыншыларды тіркеудің алғашқы кезеңі 25 қаңтар мен 17 сәуір аралығына бекіту.

«Olimpbet-футболдан Қазақстан Чемпионатын кеңейту шешімі жарысқа қатысушылардың келісімімен жасалған қадам. Бұған дейін бұл мәселе Атқарушы комитетінің отырыстарында бірнеше рет талқыланған болатын. Содан кейін Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділбек Жақсыбековтің тапсырмасымен Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасының Жалпы жиынында жоба талқылауға түсті. Екі кездесуде де бастама қолдауға ие болды.

Мамандар турнирге қатысушылардың санын ұлғайту ойын күнтізбесін оңай жоспарлауға мүмкіндік береді деп санайды.  Бұл ең алдымен қазіргідей қиын кезеңде маңызды болып отыр. Сонымен қатар, жарыс уақытша тоқтатылған жағдайда да маусымды уақытында аяқтауға мүмкіндік бар. Olimpbet-футболдан Қазақстан Чемпионатының қатарын толықтыратын командалар туралы шешім спорт қағидасының талаптарына сай және футбол клубтарының сертификация ережелерін орындау жағдайына байланысты қабылданады.

Ережеде қабылданған өзгерістер бойынша жарысты қабылдайтын стадион ойынға дайын болмаса, айыпты команда ойынды қарсыластың алаңына ауыстыруға мәжбүр болады. Сонымен қатар, өзге ойындарда жинаған үш ұпайдан айырылады.

Ең алдымен футбол алаңдарының нашар жағдайына байланысты қайшылықтар сөз болып отыр. Алайда, жарысқа қатысушылар басқа да талаптарды ұмытпаған жөн. Сертификация ережелерін елемегендер қатаң жазаға ұшырайды.

Қазақстан футбол федерациясының Допингке қарсы ережесі сала мамандарының қолдауымен жазылды. Осы уақытқа дейін Қазақстан футбол федерациясы Дүниежүзілік допингке қарсы кодекс және басқа да спорт жарғыларын қолданды. Өз кезегінде ФИФА ұлттық қауымдастықтарға жеке құжатын әзірлеуді ұсынды. Ең алдымен елдегі заңнамалар ескерілуі шарт. ҚФФ бұл бастаманы қолдап, бұл бағыттағы міндеттерді қабылдады.

Сертификация және допингке қарсы ережелермен толығырақ ҚФФ веб-сайтының арнайы бөлімінде таныса аласыздар.

Биылғы маусымдағы ойыншыларды тіркеудің алғашқы кезеңі қатысты шешім бұрынғыдай қабылданды. Көрсетілген мерзімдер өзгермейді», - деп атап өтті Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Азамат Айтқожин.

Қазақстандағы кәсіпқой футбол клубтарының сертификациясын реттейтін құжаттар мына жерде орналастырылған.

ҚФФ Допингке қарсы құжаттар мен допингке қарсы саясат материалдары мына жерде орналастырылған.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары