Футзалдан Қазақстан құрамасы Будапештке келді

Футзалдан Қазақстан құрамасы Будапештке келді

03 сәуір 2021, 00:12
Қазақстан құрамасы Венгрия астанасына Алматы-Стамбул-Будапешт бағыты арқылы жетті.

2022 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу турнирінде Венгрия құрамасымен өтетін ойын 6 сәуірге белгіленген. Ертең біздің команда Амалия Стербински атындағы спорт кешенде алғашқы жаттығу өтеді.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы үш ойында үш рет жеңіске жетіп, өз тобында көш бастап келеді. Рикардо Кака шәкірттері бұған дейін Венгрияны (5:0) ойсырата ұтып, Беларусь құрамасын (5:2, 6:1) екі рет жеңді. 

 

Қазақстан футбол федерациясының бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ

«OLIMPBET» букмекер кеңсесі – Қазақстан құрамасының ресми серіктесі

Бөлісу
Жоғары