Талғат Байсуфинов: «Әлем чемпионатына шығу – біздің арманымыз. Алдымызға осындай мақсаттар қойдық»
- Талғат Маруаұлы, үзіліс кезінде сіз нені өзгерттіңіз, команда екінші таймда керемет көрінді?
- Иә, өзгерттік. Менің ойымша, мұның бәрі киім ауыстыратын бөлмеде қалуы керек. Біздің команда енді ғана құрылып жатыр, сондықтан осындай сәттерге назар аудару керек. Екінші таймда біз азды-көпті өз футболымызды ойнадық. Біз дәл осындай ойынды қалаған едік. Ия, бірінші таймда қиындықтар болды. Бұл тарихқа байланысты. Біздің екінші ойындарымыз әрқашан сәтсіз болып жатады. Қалыпқа келу, алыс сапар, уақыт белдеуі - бәрі бір-бірімен байланысты. Екінші тайм, егер қаласаңыз, бәрін өзгертетуге болатынын көрсетті. Сондықтан біздің жас ойыншыларға менталитет пен көзқарасты өзгерту қажет. Бәрі де мүмкін. Екінші тайм осыны айқын көрсетті. Менің ойымша, біз осымен жұмыс істейміз, және жігіттер осы бағытта алға жылжуға тырысады
- Александр Мокин ұлттық құрамадағы мансабын аяқтады ма?
- Мокин туралы ақпарат әлеуметтік желіде есіп жүр. Біз бұл тақырыпты талқылайтын боламыз. Жақын арада бәрі түсінікті болады және шешімді Сашаның өзі қабылдайды. Ол кеше неге ойнамады? Себебі ол толық қалпына келіп үлгермеді. Біз онымен сөйлестік. Біз бәріміз ересекпіз - бәрін түсінеміз. Ол «Маруаұлы, мен жүз пайызға дайын емеспін» деді. Сондықтан мен Сашаға рахметімді айттым. Менің ойымша, Стас Покатилов өзін көрсете білді және бізде қақпашылар арасында керемет бәсекелестік бар.
- Неліктен Қазақстан құрамасы бірінші гол соғылғанға дейін ғана белсенді ойнады? Сіздің алаң жиегінде ойыншыларға айқайлап ақыл-кеңес бергеніңізді байқадық. Тамағыңыз ауырып жатыр ма?
- Бірінші сұрақ туралы қысқаша айтар болсақ, біз қазір бір ұранмен жұмыс істеп жатырмыз: «Егер біз жеңіске жету үшін ойнасақ, кем дегенде тең ойынға қол жеткіземіз, ал егер тең ойын үшін ойнасақ, онда біз ештеңеге қол жеткізе алмаймыз». Сіздің сұрағыңыз осы сөзді қорытындылады. Гол жібермей тұрып біз өз қақпамызды қорғадық. Бірақ, гол соғылғаннан кейін, балалар ойнауға болатынын түсіне бастады. Үзіліс кезінде өзгертулер енгізіп, сөйлестік. Жігіттер біздің идеямызды жақсы түсінді, сол үшін оларға рахмет. Ия, шабуылда біраз қиындықтар бар. Кейбір сәтте шабуылды аяқтай алмадық, кей жерде үлгермей қалдық. Бірақ, әрине, біз осындай қарсыластармен өтетін матчта бірінші нөмірмен ойнай алмаймыз. Біз солай ойнауға тырысамыз, бірақ қарсы шабуылдар біздің басымдық болады.
Екінші сұрақ бойынша, біз жігіттерімізден бір-біріне ақыл-кеңес беруін сұраймыз. Мысалы, Стас пен Сергей Малый команданы белсенді түрде басқарды. Менде осындай тәсіл бар, мен олармен бірге ойында болуға тырысамын, ал маған белгілі бір сәттерді сырттай көру оңайырақ. Менің ойымша, егер бәрі ережеге сәйкес болса және төрешілер тыйым салмаса, онда бұл дұрыс нәрсе. Дауыс? Ия, бірінші ойыннан кейін бәсеңдеп қалды. Бірақ, үлкен мәселе жоқ, ол қалпына келеді.
- Сіздің ойыңызша, егер Қазақстан әрдайым осылай ойнайтын болса, Әлем чемпионатына бара ала ма?
- Бұл біздің арманымыз. Біз алдымызға осындай мақсаттар қойдық. Менің ойымша, әрдайым армандап, осы мақсатқа жету керек. Әлі жұмыс істеуді қажет ететін сәттер бар. Әйтеуір бір күні біздің команда Әлем чемпионатына қатысады деп айта аламын. Енді біз жұмыс істеп, ұпай жинауға тырысамыз.