ҚАЗАҚСТАН U-21-Бельгия U-21 МАТЧЫНА АККРЕДИТАЦИЯ ҚАБЫЛДАНАДЫ

ҚАЗАҚСТАН U-21-Бельгия U-21 МАТЧЫНА АККРЕДИТАЦИЯ ҚАБЫЛДАНАДЫ

02 маусым 2021, 11:29
Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі 2023 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу турнирінде Қазақстан жастар құрамасының Бельгиямен өтетін ойынына аккредитация алу үшін өтініштер қабылдайды.

Қазақстан мен Бельгия жастар құрамалары арасындағы ойын 4 маусым күні өтеді. Ойын Ақтөбе қаласы Қобыланды батыр атындағы Орталық стадионында елорда уақытымен 19:00-де (жергілікті уақытпен 18:00) басталады.

Аккредитация алу үшін журналистің аты-жөні, жеке куәлігі мен байланыс нөмірі жазылған, бұқаралық ақпарат құралы жетекшісінің қолы мен мөрі қойылған ұсынымды (ресми бланк) баспасөз қызметінің электронды поштасына press@kff.kz жіберу керек. Сонымен қатар, матча жұмыс істейтін БАҚ өкілдерінің қызметі (журналист, фотограф, тв, радио) көрсетілуі тиіс.

3 маусым күні 16:15-те Орталық стадионның баспасөз орталығында Қазақстан жастар құрамасының аға жаттықтырушысы Қайрат Нұрдәулетов және ойыншының қатысуымен баспасөз мәслихаты өтеді. Сағат 17:00-де Қазақстан жастар құрамасының ойын алды жаттығуы жоспарланған. Алғашқы 15 минут БАҚ өкілдері үшін ашық. 

Анықтама телефоны: +7 (707) 515-20-20

Бөлісу
Жоғары