Қазақстан қыздары Армения құрамасын ірі есеппен ұтты

Қазақстан қыздары Армения құрамасын ірі есеппен ұтты

15 маусым 2021, 22:09
Ереван қаласында өткен екінші жолдастық ойында Қазақстан әйелдер құрамасы алаң иелерінен есе қайтарды.

Калоян Петков екінші кездесуде тәжірибелі футболшыларды алғашқы минуттан бастап алаңға шығарды. Ойынның небәрі бесінші минутында Қазақстан құрамасының капитаны Бегайым Қырғызбаева есеп ашып, біздің команданы алға шығарды. Араға сегіз минут салып Карина Жұмабайқызының керемет пасын Светлана Бортникова голға айналдырды.

Екінші таймда алаңға шыққан Әселхан Тұрлыбекова қарсыластың қақпашысын қапы қалдырып, ойын нәтижесін қорытындылады - 0:3! Қазақстан құрамасы сырт алаңда Арменияны ойсырата ұтты.

Армения - Қазақстан - 0:3 (0:2)

Голдар: Бегайым Қырғызбаева 5, Светлана Бортникова 13, Әселхан Тұрлыбекова 81;

Ескерту: Анна Далакян 53, Лиана Хазарян 62 – Аида Гайстенова 7, Светлана Бортникова 27, Камила Құлмағамбетова 90+3;

Қазақстан құрамасы: Ирина Саратовцева, Құндыз Қожахмет, Әйгерім Айтымова, Бибігүл Нұрышева, Анастасия Власова, Аида Гайстенова (Фатима Сатығалиева 86), Камила Құлмағамбетова, Бегайым Қырғызбаева, Светлана Бортникова (Әсел Көбесова 90+1), Карина Жұмабайқызы, Ксения Хайрулина (Әселхан Тұрлыбекова 59);

15.06.2021. Ереван, Вазген Саркисян атындағы стадион. 300 жанкүйер.

Бөлісу
Жоғары