​​​​​​​Қазақстанның делегациясы Ресейдің шағын футбол қауымдастығын аралады

​​​​​​​Қазақстанның делегациясы Ресейдің шағын футбол қауымдастығын аралады

07 қыркүйек 2021, 00:24
​​​​​​​Қазақстан футбол федерациясы футзал департаментінің директоры Асқар Әбілдаев пен ҚФФ халықаралық департаменті директорының орынбасары Уәлихан Байтақов Ресейдің шағын футбол қауымдастығына жұмыс сапарымен барды.

Ресейдің шағын футбол қауымдастығының президенті Эмиль Алиев қонақтарды жаңа кеңсе және ұлттық шағын футбол тарихы мұражайының экспозициясымен таныстырды.


Кездесуде тараптар көптеген жылдар бойы жалғасып келе жатқан ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылап, халықаралық жарыстар ұйымдастыру, ішкі чемпионат және ұлттық құрама командаларының өзара тәжірибе алмасу жолдарына тоқталды. 


Асқар Әбілдаев, Қазақстан футбол федерациясының футзал департаментінің директоры:


- Ресей мен Қазақстан арасында футзалдан ескі әрі сенімді қарым-қатынас қалыптасқан. Бүгін Ресейдің шағын футбол қауымдастығына алғаш рет келдім. Кездесуде Ресейдің ауқымды жарыстарды өткізу тәжірибесін талқыладық. Олардың арасында жастар, балалар, бұқаралық футзал бар. «Жасөспірімдер лигасы», «Шағын футбол - мектепке», «Шағын футбол - жоғары оқу орындарына» және басқа жобалардың қалай ұйымдастырылғанын білу қызықты болды. 

Бөлісу
Жоғары