Талғат Байсуфинов: Біздің команда тең нәтижеге лайық ойнады

Талғат Байсуфинов: Біздің команда тең нәтижеге лайық ойнады

08 қыркүйек 2021, 08:45
Босниямен болған ойыннан кейін бас бапкер осылай мәлімдеді.

- Матч алдында айтқанымыздай, біз әдемі ойын өрнегін көрсетуге тырыстық. Қарымта шабуылдарға толы ойында 2 гол салдық. Бір ұпай еншіледік. Енді алдымызда болатын ойындарды ойлаймыз. Тек дамуға ғана бет аламыз. 

- Боснияның белсенділігіне қандай баға бересіз? Қазақстан құрамасының ойыны қалай болды?

- Алғашқы таймда Босния прессинг көрсетіп, бізге еш мүмкіндік бермеуге тырысты. Украина мен Финляндияға қарсы өткен матчтарда біз прессингтен құтылып кетіп жаттық. Допты алға жылжытып, әрекет еттік. Босния бірінші таймда бізге ештеңе істетпеді. Алайда, екінші таймда олар бізге ойнауға жағдай жасады. Біз допты алға жетелеп шыға бастадық. Соның арқасында 2 гол салдық. 

Ал өзіміздің ойынға келер болсақ, командамызда жас ойыншылар бар. Олар дамуы тиіс. Команданың потенциалы жоғары деп санаймын. Алдағы матчтарда жаңа қырымыздан көріне бастаймыз. 

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары