Тайнан: «Үш жасар ұлымның әкем әлем чемпионатында ойнайды деп айтқан сөзі мені қатты толғандырды»
Қазақстан ұлттық құрамасының қақпашысы Леонардо Игита 2017 жылы досының ұсынысын жерге тастамай, Дубайда өткен халықаралық турнирге қатысады. Сол жарыста оның командасында жасы үлкен футболшы ойнайды.
«Ойын басталды... Оның ойыны керемет. Феномен. Жасы шамамен 33, 34 деп болжадым. Алайда, он жыл бұрын оны көрмегенім туралы ойлана бастадым. Ойынның соң жасын сұрадым. 24 жас. Көзіме оттай басылды. Лезде «Қайратқа» қоңырау шалдым. Келісімшартқа қол қоюды сұрадым». Бұл әлемнің бес дүркін қақпашысы Игитаның FIFA.com сайтына берген сұхбатынан үзінді еді.
Қақпашы Игита скаутқа айналып, Тайнанның әлемнің үздік ойыншыларының бірі атануына жол ашты. Сол уақыттан бері Тайнан әлем футзалының жұлдызына айналып, соңғы маусымда Португалияның «Спортинг» командасымен УЕФА Чемпиондар Лигасында топ жарды.
FIFA.com: Осы сәттердің барлығы аз уақытта болғанына сене аласыз ба?
Тайнан: Мен қашан оянамын деп үнемі ойлайтынмын. Сену қиын. Мен арманда өмір сүремін. Әлем чемпионатында ойнаймын... Сене алар емеспін. Ұлттық құраманың намысын қорғаймын. Мұнда барлығы ерекше. Сізге қанша хабарлама келгенін айта аламын. Олардың барлығына жауап беру мүмкін емес. Мен бақыттымын. Алайда, жарыста алға ұмтылуды мақсат қоямын.
FIFA.com: Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының мақсаты қандай?
Тайнан: Әрине, әртүрлі шектеулер бар. Алайда, Қазақстан құрамасының сенімі мол. Мен Қазақ еліне келгеннен бері жақсы нәтиже көрсетіп келеміз. Басты мақсат – үздік төрттік. Бұл мақсатты орындай аламыз деген сенім бар. Оның қиынға соғатынында түсінеміз. Барлығын кезең-кезеңмен жүзеге асырғымыз келеді. Жартылай финалға шығу – басты мақсат. Таңдаулылардың қатары өзгерген жоқ. Бразилия, Испания, Иран, Ресей, Португалия. Біздің құрама көш басында емес, алайда 2016 жылы кездескен Аргентина сияқты күтпеген қарсыласқа дайындалып жатырмыз.
FIFA.com: Бірінші ойын. Керемет гол және тамаша пас. Әлем чемпионатындағы ойындарыңызға ризасыздар ма?
Тайнан: Бақытымын. Алайда, толықтай бабымда емеспін. Әлем чемпионаты алдында COVID-19 сынағына байланысты жаттығуға толық қатыспай, 15 күн карантинде болдым. Дайындықтан қалыс қалдым. Өте қиынға соқты. Бірақ, алға қойған мақсатым бірте-бірте жетемін.
FIFA.com: Ұлыңыз Кайнан үш жаста. Ол әкесін теледидардан көрді ме?
Тайнан: (жылайды)... Кешіріңіз, мен өзімді тоқтата алар емеспін (тағы да жылайды)... Ұлым туралы ойласам эмоцияға беріліп кетемін. Ол менің ойындарымды үнемі бақылайды. Менің соққан голдарымды тойлайды. Мен алаңда ұлым үшін, отбасым үшін, Қазақстан үшін намысқа тырысамын. Қазақ даласы - менің үйім. Осы сезімді ұялатқан қазақ халқына алғысым шексіз. Мен үнемі Кайнан туралы ойлаймын. Ол есейгенде әкесінің әлем чемпионатында ойнағанын түсінері анық (жылайды). Сезімді сөзбен жеткізу мүмкін емес. Мақтанамын. Толқимын.
FIFA.com: Игита туралы не ойлайсың?
Тайнан: Игита – феномен. Оның әзілі қандай... Аңыз! (күледі). Шыны керек, ол баршамыз үшін аңыз, үлгі тұтар тұлға! Әлемнің бес дүркін үздік қақпашысы атағын босқа алған жоқ. Игитаның қақпаны қорғайтыны сенімді арттыра түседі. Қазақ футзалын дамыту жолында үлкен істер атқарды. Игита - кумир! Оны ойыншы, адам және дос ретінде қатты құрметтеймін.
FIFA.com: Игитамен де, Гиттамен де бірге ойнадыңыз. Әлемнің үздік қақпашысы кім деп ойлайсыз?
Тайнан: Қос қақпашыны да құрметтеймін! Екі қақпашыны танып, бірге ойнаудың өзі үлкен мәртебе. Олар алаңға шыққанда екеуіне де гол соғу қиын. Барлығы осы көзқарасты қолдайды. Олардың жасаған сейвтері ақылға сыймайды. Таңдау жасау мен үшін қиынға соғады. Игитаның аяқпен жақсы ойнайтын атап өтуге болады.
FIFA.com: Дуглас туралы не айтасың?
Тайнан: Мен үшін ол әлемдегі ең жақсы қорғаушы. Оның қасынан ешкім өте алмайды. Дуглас пен Игита қорғанысты тасқамал қылып ұстайды. Дуглас – қазақ және әлем футзалының жұлдызы. Мені де, басқаларды да шабыттандырады. Күн сайын одан бірнәрсе үйренемін. Оның құбылысы басқаша.
FIFA.com: Сіздің ойыңызша әлемнің үздік үш ойыншысы кім?
Тайнан: Менің ойымша, Феррао, Пито және Мерлим. Италияның Мерлимнің талантын көрсету үшін келе алмағаны ұят болды. Үш ойыншы да ойындарды жекелей жеңуге қабілетті деп санаймын.
FIFA.com: Алтын допты кім алады? Әлем чемпионы кім болады?
Тайнан: Ферраоның алтын допты алуына ешкім кедергі келтіре алмайды деп ойлаймын. Алайда, біз чемпион боламыз деп сенемін. Менде сенім мол. Әкем үнемі сенуге үйретті. Бразилия басты фаворит болғанымен, Қазақстан чемпион атанды деп үміттенемін.
Дереккөз: FIFA