Қазақстан құрамасы Литваны ұтып, Әлем Чемпионатының плей-офф кезеңіне шықты

Қазақстан құрамасы Литваны ұтып, Әлем Чемпионатының плей-офф кезеңіне шықты

16 қыркүйек 2021, 11:31
Футзалдан Әлем Чемпионатының топтық кезеңінің екінші ойынында Қазақстан құрамасы алаң иелері Литвамен кездесіп, 3:0 есебімен жеңіске жетті. 

Есепті алғашқы минутта Тайнан ашқан болатын. Жылдам голдан кейін біздің ойыншылар қарсыластың қақпасына ұзаққа дейін гол сала алмады. 

Үзілістен соң бас бапкер Рикардо Каканың нұсқауларын орындаған ойыншылар айқын нәтижеге қол жеткізді. Екінші таймда шабуылшы Дәурен Тұрсағұлов есепті еселеп, қазақ жанкүйерлерін бір қуантып тастады. 

Жас ойыншы Жомарт Тоқаевтың нәтижелі пасынан кейін шабуылшы Альберт Ақбалықов үшінші голды соқты.

Литва – Қазақстан – 0:3

Голдар: Тайнан 1, Тұрсағұлов 30, Ақбалықов 36

Қазақстан: Игита (К), Дуглас, Тайнан, Оразов, Тұрсағұлов – Серіков, Қарағұлов, Нұрғожин, Тоқаев, Валиуллин, Ақбалықов, Есенаманов, Кнауб, Сарбасов;

15.09.2021. «Каунас Арена», Литва

 

 

Қазақстан футбол федерациясының бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ

«OLIMPBET» букмекер кеңсесі – Қазақстан құрамасының ресми серіктесі

Бөлісу
Жоғары