Валиуллиннің допингі құрамаға кесірін тигізбейді
09 қыркүйек 2021, 13:50
«Тобыл» футбол клубы Руслан Валиуллиннің допингке қарсы ережелерді бұзу ықтималдығына байланысты УЕФА тарапынан тәртіптік іс қозғалғаны туралы ақпарат алды.
Клубтың футболшылары Сергей Малый мен Руслан Валиуллиннің допинг-сынамасы Конференция Лигасы 3-кезеңі аясындағы «Жилина» – «Тобыл» матчынан кейін алынды. Сынақ нәтижесі футболшының жеке поштасына 2 қыркүйекте жіберілді. Ол уақытта футболшы Қазақстан құрамасы делегациясының құрамында Финляндияға аттанған болатын, делінген «Тобыл» клубының ресми сайтында.
Негізі Руслан Валиуллин Украинамен болған матчтан кейін жарақат алып қалған. Футболшының сіңірі созылып, медициналық тексерістен өтіп жатқанын да қоса кетейік. Айта кету керек, бүгін Руслан Валиуллин 27 жасқа толды.
Жаңалықтар
08 қыр., 08:45
06 қыр., 21:10
06 қыр., 16:20
04 қыр., 14:19