Қазақстан әйелдер құрамасының Уэльс пен Грекияға қарсы ойындарға арналған құрамы
Калоян Петков шәкірттерінің дайындығы Талғардағы ұлттық құраманың оқу-жаттығу базасында өтеді. Қыркүйек айында Қазақстан құрамасы екі ойын сырт алаңда өткізеді.
Уэльс пен Қазақстан әйелдер құрамаларының ойыны 17 қыркүйекке жоспарланған. Матч Лланелли қаласы «Парк-И-Скарлетс» стадионында өтеді.
21 қыркүйек күні Қазақстан құрамасы Грекиямен ойнайды. Матчты Патры қаласындағы «Пампелопоннисиако» стадионы қабылдайды.
Қазақстан әйелдер құрамасының оқу-жаттығу жиыны 14 қыркүйекке дейін жалғасады.
Қақпашылар: Ангелина Портнова, Ирина Саратовцева (екеуі де – №8 БЖМОРСМ)
Қорғаушылар: Юлия Мясникова (ЦСКА, Ресей), Александра Бурова, Мария Демидова (екеуі де – «БИІК-Қазығұрт»), Бибігүл Нұрышева, Құндыз Қожахмет, Әйгерім Айтымова, Татьяна Сосновская (барлығы – «Томирис-Тұран»);
Жартылай қорғаушылар: Анастасия Власова, Фатима Сатығалиева (екеуі де – «Оқжетпес»), Ксения Хайрулина, Карина Жұмабайқызы, Мадина Жанатаева (барлығы – «БИІК-Қазығұрт»), Әселхан Тұрлыбекова, Айша Садықова (екеуі де – «Томирис-Тұран»).
Шабуылшылар: Бегаим Қырғызбаева («Оқжетпес»), Светлана Бортникова («БИІК-Қазығұрт»);
Бапкерлер құрамы: Калоян Петков – бас бапкер, Искандар Геймат – бас бапкердің көмекшісі, Мәдина Шойкина – қақпашылардың жаттықтырушысы, Светлана Бейбутова – дәрігер, Евгения Ларина – массажист, Данияр Анес – менеджер.