Әлем Чемпионаты - 2021. Қазақстан құрамасы плей-офф кезеңіне бірінші орынмен шықты

Әлем Чемпионаты - 2021. Қазақстан құрамасы плей-офф кезеңіне бірінші орынмен шықты

19 қыркүйек 2021, 12:01
А тобының шешуші ойынында Қазақстан құрамасы Венесуэламен ойнады.

Рикардо Кака шәкіттері ойынды жақсы қарқынмен бастап, есеп ашты. Шыңғыс Есенамановтан пас алған Дуглас қарымта шабуылда қарсыластың қорғаушысы мен қақпашысын қапы қалдырды. 

Венесуэла құрамасы ойынның соңғы минутында гол соғып, таразы басын теңестірді. ГОлдың авторы - Альфредо Видаль. 

Тең есеп турнир кестесіне ешнқандай өзгеріс әкелген жоқ. Қазақстан құрамасы А тобынды бірінші орын алып, плей-офф кезеңіне шықты. Келесі қарсылас қалған топтардың ойындары аяқталған соң белгілі болады. 

Қазақстан құрамасы бес жыл бұрынғы Колумбияда өткен жетістігін қайталап, Әлем Чемпионатының 1/8 финалына жолдама алды. Келесі ойын Каунаста өтеді. 

Венесуэла – Қазақстан – 1:1 (0:1)

Голдар: Альфредо Видаль 40 – Дуглас 5

Ескерту: Есенаманов 10

Қазақстан: Игита (К), Дуглас, Тайнан, Нұрғожин, Кнауб – Атанаев, Мадияров, Оразов, Тұрсағұлов, Қарағұлов, Тоқаев, Валиуллин, Ақбалықов, Есенаманов;

18.09.2021. «Вильнюс Арена», Литва. 

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары