Қазақстан U19 құрамасы іріктеу ойындарын бастайды

Қазақстан U19 құрамасы іріктеу ойындарын бастайды

05 қазан 2021, 16:01
Острава (Чехия) қаласында Қазақстан U-19 жастар құрамасы ЕУРО 2022 додасының іріктеу сыны аясында үш ойын өткізеді. 

Қазақстан құрамасы іріктеу сынының 13 тобына түсті. Мұнда бізден бөлек Чехия, Дания және Солт. Ирландия құрамалары бар.

Қазақстан жастар құрамасы 30 қыркүйек пен 5 қазан аралығында Прага қаласында оқу-жаттығу жұмыстарын жүргізді. Құраманың аға бапкері Александр Кузнецов жиынға 20 футболшы шақыртты:

Қақпашылар: Темірлан Анарбеков («Қайрат»), Әлішер Сүлеймен («Жеңіс») Нұрмат Сәрсенов ("Қайсар");

Қорғаушылар: Арсен Азатов, Владислав Кравченко, Александр Широбоков (барлығы «Қайрат»), Асқар Сатышев («Тараз»), Егор Ткаченко («Қайрат Мәскеу») Жеңіс Мирас ("Қызыл-Жар");

Жартылай қорғаушылар: Муроджон Халматов, Зикрилло Султаниязов (екеуі де «Ордабасы»), Диас Күшкімбаев («Қайрат»), Мұқағали Пангерей ("Атырау"), Бауыржан Рахмет («Тараз»), Мақсат Рамазанов («Жас Қыран»), Вадим Яковлев («Ақсу»);

Шабуылшылар: Мирас Амантаев («Оқжетпес»), Данил Анкудинов («Родина Мәскеу», Ресей), Абзал Қалау («Академия Оңтүстік»), Ғалымжан Кенжебек, Әлішер Рахымжанов, Ян Труфанов (барлығы «Кайрат»).

Қазақстан U19 құрамасының ойындарының кестесі:

6 қазан

Чехия U19 – Қазақстан U19 (22:00)

9 қазан

Дания U19 – Қазақстан U19 (19:00)

12 қазан

Қазақстан U19 – Солтүстік Ирландия U19 (19:00).

(Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен).

Бөлісу
Жоғары