Қазақстан – Босния және Герцеговина матчының билеттері онлайн сатылымға шықты

Қазақстан – Босния және Герцеговина матчының билеттері онлайн сатылымға шықты

28 қыркүйек 2021, 23:14
Қазақстан футбол федерациясы 2022 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Қазақстан – Босния және Герцеговина матчының билеттері онлайн сатылымға шыққанын хабарлайды.

Еске сала кетейік, елорданың бас санитарлық дәрігерінің шешімімен Қазақстан – Босния және Герцеговина матчына ASHYQ қосымшасы арқылы кіруге болады. Стадионға кіру үшін тек «ЖАСЫЛ» мәртебесі болуы тиіс.

Назар аударыңыз! Билеттерді тек онлайн режимінде сатып алуға болады. Адамдардың көп жиналуын болдырмау үшін «Астана Арена» стадионының кассаларында билеттер сатылмайды.

Билеттерді мына сілтеме арқылы сатып алсаңыздар болады.

Бөлісу
Жоғары