Азамат Айтқожин футзалдан Қазақстан құрамасымен кездесті

Азамат Айтқожин футзалдан Қазақстан құрамасымен кездесті

22 қыркүйек 2021, 16:17
Қазақстан футбол федерациясының Бас хатшысы Азамат Айтқожин футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншылары және жаттықтырушылар штабымен жиын өткізді.

Кездесу Литваның Бриштонас қаласында өтті. Қазақстан құрамасы Әлем Чемпионатында осы қалада орналасқан.  

Азамат Айтқожин команданың қал-жағдайын сұрап, Әлем Чемпионатының 1/8 финалында Тайландпен өтетін ойынға сәттілік тіледі!

Қазақстан – Тайланд матчы ертең, 23 қыркүйек күні Каунас қаласында өтеді. Кездесу елорда уақытымен 20:30-да басталады. 
 

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары