Қазақстан – Босния және Қазақстан – Финляндия матчтарына аккредитацияға өтініш қабылдау басталды

Қазақстан – Босния және Қазақстан – Финляндия матчтарына аккредитацияға өтініш қабылдау басталды

05 қазан 2021, 12:49
Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі 2022 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу турнирінде Қазақстан құрамасының Босния және Герцеговина мен Финляндияға қарсы өтетін ойындарына аккредитация алу үшін өтініштер қабылдайды.

Қазақстан мен Босния және Герцеговина құрамалары арасындағы кездесу 9 қазан күні өтеді. Ойын «Астана Арена» стадионында Нұр-Сұлтан уақытымен 20:00-де басталады. Сонымен қатар 12 қазан күні Талғат Байсуфиновтың шәкірттері «Астана Аренада» Финляндия командасына қарсы ойнайды. Басталу уақыты – 20:00.

БАҚ өкілдерін тіркеу мерзімі 2021 жылдың 7 қазан сағат 12:00-ге дейін жалғасады. Аккредитацияларды 8 және 11 қазан күні баспасөз маслихатында алуға болады.

Аккредитация алу үшін журналистің аты-жөні, жеке куәлігі мен байланыс нөмірі жазылған, бұқаралық ақпарат құралы жетекшісінің қолы мен мөрі қойылған ұсынымды (ресми бланк) баспасөз қызметінің электронды поштасына press@kff.kz жіберу керек. Сонымен қатар, матча жұмыс істейтін БАҚ өкілдерінің қызметі (журналист, фотограф, тв, радио) көрсетілуі тиіс.

Жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін және көрсетілген мерзімнен кейін жіберілген өтініштер қабылданбайды.

Назар аударыңыздар! Пандемияға байланысты журналистерге берілген орындар саны шектеулі. БАҚ үшін аккредитация саны – 1 (корреспондент/фотограф/бейнеоператор).

Бөлісу
Жоғары