Қайрат Нұрдәулетов Шотландиямен ойынға қатысатын ойыншылардың тізімін жариялады

Қайрат Нұрдәулетов Шотландиямен ойынға қатысатын ойыншылардың тізімін жариялады

02 қараша 2021, 11:17
Қазақстан жастар құрамасының аға жаттықтырушысы Қайрат Нұрдәулетов 2023 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінде Шотландиямен өтетін ойынға шақырылған футболшылардың есімдерін атады. 

Тізімге енген ойнышылардың саны – 26.

Қақпашылар: Данил Устименко («Қайрат»), Вадим Петров («Қызыл-Жар»), Қажымұқан Төлепберген («Мақтарал»);

Қорғаушылар: Әділбек Жұмаханов («Атырау»), Лев Скворцов, Сағи Совет, Мейрамбек Қалмырза (барлығы – «Астана»), Жалғас Жақсылықов («Тараз»), Тайыр Нұрсейітов («Шахтер»), Нұрберген Нұрбол («Жетісу»), Александр Широбоков («Қайрат»), Егор Ткаченко («Қайрат-Мәскеу», Ресей);

Жартылай қорғаушылар: Данияр Үсенов, Арсен Бораншиев, Еркебұлан Сейдахмет (барлығы – «Қайрат»), Эльхан Астанов, Муроджон Халматов (екеуі де - «Ордабасы»), Арман Кеңесов («Қайсар»), Дінмұхамед Қараман («Тараз»), Максим Самородов («Ақтөбе»), Станислав Басманов («Астана»), Абылайхан Назымханов («Шахтер»), Жасұлан Жұмашев («Тобыл»);

Шабуылшылар: Вячеслав Швырев («Қайрат-Мәскеу, Ресей), Абылайхан Жұмабек («Тараз»), Мирас Тұрлыбек («Ақсу»).

Жаттықтырушылар штабы: Қайрат Нұрдәулетов – аға жаттықтырушы, Нұрбол Жұмасқалиев – аға жаттықтырушының көмекшісі, Асқар Ыдырысов – аға жаттықтырушының көмекшісі, Юрий Новиков – қақпашылар жаттықтырушысы, Ахматхон Искандаров – дәрігер, Қайратәли Күнходжаев – массажист, Ақмұрат Ақшабаев – массажист, Дінмұхамед Оралов – менеджер, Павел Лаптев – видеооператор;

Шотландия мен Қазақстан жастар құрамалары арасындағы ойын 12-нен 13 қарашаға қараған түні Данди қаласындағы «Таннадайс парк» стадионында өтеді. Матч Нұр-Сұлтан уақытымен 01:15-те басталады. 
 

Бөлісу
Жоғары