Olimpbet – футзалдан Қазақстан чемпионаты, Кубогы және Суперкубогының негізгі демеушісі

Olimpbet – футзалдан Қазақстан чемпионаты, Кубогы және Суперкубогының негізгі демеушісі

27 қазан 2021, 15:00
Қазақстан футбол федерациясы мен (ҚФФ) Olimpbet - букмекер кеңсесі ынтымақтастығын арттырып жатыр. Компания Қазақстан футбол федерациясы ұйымдастыратын футзалдан барлық жарыстың негізгі демеушісі атанды. Ел чемпионаты, Кубок және Суперкубок. Келісімшарт үш жылға жасалды. Тараптардың келісімді әрі қарай созуға мүмкіндіктері бар. 

Olimpbet компаниясының арқасында футзал республикалық телеарналардан көрсетіледі. Букмекер кеңсесінің қолдауымен қазақстандық турнирлердің ойындары Qazsport телеарнасы арқылы көрсетіледі. Осы уақытқа дейін жанкүйерлер ұлттық құраманың ойындарын тамашалады. Ал, енді өздерінің сүйікті командаларының ойындарын теледидар арқылы толық қарай алады. 

«Бүгінде Қазақстанда футзалдың танымалдығы жарқ ете түсті. Өткен маусымда алматылық «Қайрат» УЕФА Чемпиондар лигасының жартылай финалына шықты, ал биыл ұлттық құрама Әлем чемпионатында ғаламат ойын көрсетіп, үздік төрттіктен көрінді. Жылдам әрі тартысты спорт түрі нағыз бұқаралық спортқа айналып, жанкүйерлерінің санын арттыра түседі деген сенім бар. Қазақстан футбол федерациясының көп жылдан бері серіктесі Olimpbet ұлттық турнирлерге қолдау көрсетіп, оларды дамытуға көмектеседі. Ойындарды республикалық телеарналардан үзбей көре аласыздар. Алға нық қадам басылды! Әрі қарай да тың жоспарларымыз бар!», - деп мәлімдеді Olimpbet букмекер кеңсесінің даму бойынша директоры Константин Гусев.

«Olimpbet компаниясымен ынтымақтастықты әрі қарай жалғастырғанымызға қуаныштымыз. Сенімді әрі тәжірибесі мол ұйым. Негізі демеушіні тарту арқылы Қазақстан футзалын әрі қарай дамытуға үлкен үлес қосарымыз анық. Елімізде футзал бумы байқалады. Ұлттық құрама мен футзал клубтары халықаралық аренада табысқа жетіп жүр. Спорттың бұл түрі еліміздің жаңа аймақтарын қамтып келеді. Olimpbet компаниясымен ынтымақтастық барлық тараптың дамуына пайдасын тигізетіні айқын», - дейді ҚФФ футзал департаментінің директоры Асқар Әбілдаев. 

ҚФФ мен Olimpbet арасындағы серіктестік 2019 жылы басталды. Olimpbet футболдан Қазақстан чемпионаты, Кубогы және Суперкубогының негізгі серіктесі. Сонымен қатар, футбол және футзалдан ұлттық құрамалардың демеушісі.

Бөлісу
Жоғары