Қазақстан әйелдер құрамасының Грекия мен Францияға қарсы ойындарға арналған құрамы
Калоян Петков шәкірттерінің дайындығы Нұр-Сұлтан қаласында өтеді. Қазан айында Қазақстан құрамасы екі ойын өз алаңында өткізеді.
Қазақстан мен Грекия әйелдер құрамаларының ойыны 22 қазан күні сағат 17:00-ге жоспарланған.
26 қазан күні Қазақстан құрамасы Францияны қабылдайды. Екі кездесу де «Астана Арена» стадионында өтеді.
Қақпашылар: Ирина Саратовцева, Ангелина Портнова (екеуі де – №8 БЖМОРСМ)
Қорғаушылар: Александра Бурова, («БИИК-Шымкент»), Бибігүл Нұрышева, Құндыз Қожахмет (екеуі де – «Томирис-Тұран»), Анастасия Власова, Жансая Қозыева (екеуі де – «Оқжетпес»);
Жартылай қорғаушылар: Бегайым Қырғызбаева, Фатима Сатығалиева (екеуі де – «Оқжетпес»), Ксения Хайрулина, Карина Жұмабайқызы, Мадина Жаңатаева (барлығы – «БИІК-Шымкент»), Әселхан Тұрлыбекова, Айша Садықова (екеуі де – «Томирис-Тұран»).
Шабуылшылар: Светлана Бортникова, Алина Лозукова (екеуі де – «БИІК-Шымкент»), Сәуле Қарыбаева, Әсел Көбесова (екеуі де – «Томирис-Тұран»);
Бапкерлер құрамы: Калоян Петков – бас бапкер, Искандар Геймат – бас бапкердің көмекшісі, Мәдина Шойкина – қақпашылардың жаттықтырушысы, Светлана Бейбітова – дәрігер, Евгения Ларина – массажист, Никита Утробин – менеджер.