Жастар құрамасы допингке қарсы саясат семинарына қатысты

Жастар құрамасы допингке қарсы саясат семинарына қатысты

07 қазан 2021, 16:07
Допингке қарсы саясаттың тиімділігін арттыру және оған күрестегі әлемдегі тенденцияларды байқау мақсатында 21 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасының ойыншылары үшін семинар ұйымдастырылды. 

Семинарда футболшылар спортта қолдануға болатын және тыйым салынған дәрі-дәрмектер мен әдістердің бекітілген тізімімен танысты. 

Семинарға қатысушылар допинг бақылау процедурасының қалай жүргізілетінін көріп, спортшының денсаулығы мен мансабына допингтің тигізетін салдарынан хабардар болды. Сонымен қатар, олардың құқықтары мен міндеттеріне ерекше назар аударылды.

Бөлісу
Жоғары