Юрий Логвиненко: «Жеңіске жетсек, сол біз үшін оң нәтиже»

Юрий Логвиненко: «Жеңіске жетсек, сол біз үшін оң нәтиже»

11 қазан 2021, 22:46
Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Юрий Логвиненко Финляндияға қарсы болатын матч туралы пікір білдірді.

- Ойынға дайындық жақсы. Ертең біз осы іріктеуде өз алаңымыздағы соңғы кездесуді өткіземіз. Сол үшін жанкүйерлерді жақсы нәтижемен қуантамыз деген сенімдемін, - деді Логвиненко.

- Босниядан қарсы өткен ойыннан кейін команданың атмосферасы қандай?

- Бұл ойыннан кейін екі күн ғана өтті. Біз жігіттермен сөйлестік. Ол ойынды ұмыту керектігін айттық. Ендігі басты мақсат Финляндияға қарсы жақсы ойнау. 

- Ертеңге ойында қандай нәтижеге біз үшін қолайлы болады?

- Тек жеңіс үшін ойнаймыз. Жеңіске жетсек, сол біз үшін оң нәтиже. 

- Сіз Қазақстан құрамасында ең көп ойын өткізген ойыншылар тізімінде үшінші орынға көтерілуіңіз мүмкін. Бұл сіз үшін қаншалықтың маңызды?

- Негізі мен ондай нәрселерге қатты мән бере бермеймін. Басты мақсатым - командаға көмектесу.

Бөлісу
Жоғары