​​​​​​​Футзалдан EУРО-2022 чемпионатының ресми жеребе тарту рәсімі

​​​​​​​Футзалдан EУРО-2022 чемпионатының ресми жеребе тарту рәсімі

18 қазан 2021, 00:17
Бүгін, 18 қазан күні Нидерландының Зейст қаласында футзалдан 2022 жылғы Еуропа чемпионатының жеребе тарту рәсімі өтеді. Шара елорда уақытымен 22:00-де басталады. 

Нидерланд алғаш рет финалдық кезеңді қабылдайды

Футзалдан ЕУРО-2022 чемпионаты ең үлкен жарыс болмақ. Еуропа финалында алғаш рет он алты құрама (бұған дейін 12) сынға түседі. 19 қаңтар мен 6 ақпан аралығында Амстердам және Гронинген қалаларында 32 матч ойналады. Әр топ төрт командадан тұрады. 

Жарыс иесі Нидерланд құрамасы ЕУРО-2022 финалдық кезеңіне тікелей жолдама алды. Қалған елдердің ішінде Португалия (ЕУРО-2018 жеңімпазы), Әзірбайджан, Босния мен Герцеговина, Хорватия, Финляндия, Грузия, Италия, Қазақстан, Польша, Ресей, Словакия, Словения, Испания және Украина. Сербия мен Беларусь құрамалары құрлық додасына соңғы жолдамасын 14 және 17 қараша аралығында сарапқа салады.

УЕФА ЕУРО-2022 финалдық кезеңінің жеребесінің себеттерін бекітті. Жеребе 4 қазанда жарияланған рейтинг бойынша тартылады. Қазақстан құрамасы Испания, Ресей және Португалия құрамаларымен бірге бірінші себетке түсті. 


1-себет
Испания
Ресей
Португалия
Қазақстан

2-себет
Хорватия
Әзірбайджан
Сербия/Беларусь
Италия

3-себет
Украина
Словения
Босния және Герцеговина
Польша

4-себет
Финляндия
Словакия
Грузия
Нидерланд

Жеребе тарту рәсімін UEFA.tv арқылы 18 қазан күні 22:00-де тікелей эфирде көруге болады. 

Шараға Қазақстан футбол федерациясының футзал департаментінің директоры Асқар Әбілдаев, ҚФФ Халықаралық қатынастар директорының орынбасары Уәлихан Байтақов және футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Пауло Рикардо Кака қатысады. 

Билеттер сатылымы

Жеребе тартылған соң келесі күні барлық ойындардың билеттері сатылымға шығады. Матчтар Амстердам қаласындағы Ziggo Dome (сыйымдылығы - 10500) және Гронинген қаласындағы Martiniplaza (сыйымдылығы - 3900) ареналарында өтеді. Билеттердің бағасы 10 еуродан басталады. Оларды knvb.com/futsaleuro және futsaleurotickets.knvb.nl сайттары арқылы сатып алуға болады. 

Футзалдан Еуропаның ең үлкен чемпионаты 2022 жылдың 19 қаңтарында басталады. Финал 6 ақпан күні Амстердамда өтеді. 

Бөлісу
Жоғары