«Оқжетпес» — «Қайрат» ойыны жарықтың өшірілуіне байланысты тоқтатылды 

«Оқжетпес» — «Қайрат» ойыны жарықтың өшірілуіне байланысты тоқтатылды 

05 қараша 2021, 21:46
OLIMPBET-футзалдан Қазақстан чемпионатының алғашқы турындағы «Оқжетпес» — «Қайрат» матчы «Нұр-Аман» спорт кешенінде жарықтың өшірілуіне байланысты тоқтатылды. 

Екінші таймда алматылық «Қайрат» командасы 3:0 есебімен алда тұрған еді. Алайда, жарықтың сөнуіне байланысты ойынды әрі қарай жалғастыру мүмкін болмады. 

Матч ертең, 6 қараша күні қайта жалғасады (6 минут 35 секунд). Басталуы - 15:30.

Сонымен қатар, ертең сағат 16:00-де «Оқжетпес» пен «Қайрат» командалары арасындағы екінші турдың ойыны өтеді. Матчтың онлайн-трансляциясын aitube.kz сайтынан көруге болады. 

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары