Футзалдан Қазақстан құрамасы Өзбекстанмен екі рет ойнайды

Футзалдан Қазақстан құрамасы Өзбекстанмен екі рет ойнайды

18 қараша 2021, 18:00
Екі елдің футбол федерацияларының келісімімен жолдастық матч ұйымдастыру туралы шешім қабылданды. 

Еуро-2022 чемпионатына дайындық аясында Рикардо Кака жаттықтыратын Қазақстан құрамасы Өзбекстанмен екі жолдастық матч өткізеді. 

Қос кездесуде Нұр-Сұлтан қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында 14 және 15 желтоқсан күндері өтеді. Ойындар елорда уақытымен 19:00-де басталады. 

Қазақстан құрамасы 19 қаңтар мен 6 ақпан аралығында Нидерланд елінде өтетін Еуро-2022 чемпионатына қатысады. Біздің құраманың В тобындағы қарсыластары -  Словения, Италия және Финляндия.

Бөлісу
Жоғары