Қазақстан құрамасы қараша айында жарияланған ФИФА рейтингінде алты орынға көтерілді

Қазақстан құрамасы қараша айында жарияланған ФИФА рейтингінде алты орынға көтерілді

19 қараша 2021, 20:40
Халықаралық футбол қауымдастығының жаңартылған рейтингінде Қазақстан құрамасы 125-орыннан 119-орынға көтерілді. Біздің құраманың еншісінде 1140 ұпай бар.

Қараша айында Қазақстан құрамасы 2 матч өткізді. Талғат Байсуфинов командасы ең алдымен сырт алаңда әлем чемпионы Франция құрамасынан 0:8 есебімен жеңілсе, кейін Нұр-Сұлтанда Тәжікстанды 1:0 есебімен жеңді.

Рейтингтің көш басында Бельгия (1828 ұпай) тұр. Екінші орында – Бразилия (1826). Үздік үштіктің қатарынан Франция (1786) құрамасы көрінді.

ФИФА рейтингі (19.11.2021):

1. Бельгия – 1828 ұпай

2. Бразилия – 1826

3. Франция – 1786

4. Англия – 1755

5. Аргентина – 1750

6. Италия – 1740

7. Испания – 1704

8. Португалия – 1660

9. Дания – 1654

10. Нидерланд – 1653

25. Украина – 1535

58. Финляндия – 1411

61. Босния және Герцеговина – 1392

118. Тайланд – 1148

119. Қазақстан – 1140

120. Әзербайжан – 1139.

Бөлісу
Жоғары