Futsalplanet Awards 2021. Қазақстан құрамасы үздік үштікке енді

Futsalplanet Awards 2021. Қазақстан құрамасы үздік үштікке енді

21 қаңтар 2022, 19:50
Әлемдегі ең беделді Futsalplanet порталы жыл сайын маусым қорытындысы бойынша үздіктерді анықтайды. 

2021 жылдың қорытындысы бойынша «Әлемнің ең үздік командасы» номинациясында футзалдан Қазақстан құрамасы үшінші орыннан көрінді. Жалпы бұл атаққа әлемнің он командасы таласты. Бірініші орын Португалияға бұйырып, екінші орынды Аргентина иеленді. 

«Әлемнің үздік қақпашысы» номинациясында қазақстандық Игита екінші орын алды. Бұған дейін Игита осы номинациясыны бес рет жеңіп алған болатын. Бұл жолы Бразилия құрамасы мен «Спортинг» қақпашысы Гитта топ жарды. Үшінші орында – Аргентина қақпашысы Николас Сармьенто.

«Ең үздік ұлттық құрама бапкері» атағын Португалия құрамасының жаттықтырушысы Хорхе Гомес Браз алды. Екінші орында - аргентиналық маман Матиас Рауль Люсьюкс. Қазақстан құрамасының бас бапкері Рикардо Кака үздік үштіктен көрінді. 

 

Бөлісу
Жоғары