Қазақстан U19 құрамасы жолдастық матчтар өткізеді

Қазақстан U19 құрамасы жолдастық матчтар өткізеді

25 қаңтар 2022, 13:20
Жастарымыз Армения елінде қос жолдастық ойын өткізуді жоспарлап отыр.

Биылдан бастап Қазақстан U19 құрамасын Вахид Масудов баптайтын болады. Ол осыған дейін «Ақтөбе» клубының бас бапкері болды. 19 жасқа дейінгі жастар құрамасын өткен жылы Александр Кузнецов жаттықтырған еді. Нұр-Сұлтан қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізген соң құрамамыз Армения еліне атанады. Онда сол елдің құрамасымен 2 матч өткізеді. 13 ақпан күні Қазақстан U19 құрамасы Ереванға жол тартады.

Бөлісу
Жоғары