Қазақстан құрамасы Түркияда ойын өткізеді

Қазақстан құрамасы Түркияда ойын өткізеді

25 қаңтар 2022, 13:30
Қазақстан құрамасы Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткізіп, бір жолдастық матч ойнауды жоспарлап отыр.

Талғат Байсуфинов баптайтын Қазақстан ұлттық құрамасы 12 ақпан күні Түркияның Анталья қаласында жиналады. Ал 13 ақпан күні Қазақстан клубтарының легионерлері командасына қарсы жолдастық матч өтеді. Легионерлер құрамасын Андрей Карпович пен Самат Смақов жинақтайды деп шешілді. Бұл мерзімде ФИФАның ресми датасы болмағандықтан, ұлттық құраманы ұзақ мерзімге ұстап отыруға болмайды. Қазақстан құрамасының жанкүйерлері бұл матчты тікелей эфирде көре алады. Матчтың көрсетілімі қай платформадан таратылатынын және уақытын кейінірек хабарлаймыз.

Бөлісу
Жоғары