Таразда ардагерлер ашық біріншілігі өтеді

Таразда ардагерлер ашық біріншілігі өтеді

05 ақпан 2022, 12:40
Жарыс ақпан айының 28-і басталып, наурыз айының 5 жұлдызына дейін жалғасады.

Қазақстан ардагерлер ашық біріншілігі осымен үшінші мәрте өткелі отыр. Дүбірлі дода Тараз қаласындағы «Тараз Арена» спорт кешенінің ішінде өтеді. Республикамыздың аймақтарынан келетін командалар екі дивизионға бөлінеді. Яғни, жас шектеуі бойынша 40 жастан асқандар өзара мықтыны анықтаса, 50 жастан асқандар бөлек сайысқа түседі. Жарыс нәтижесі бойынша әр позицияда сүбелі ойынымен көзге түскен футболшылар да марапатталады. Дәстүрлі жарысты ұйымдастырушылар Сейілда Байшақов басқаратын Қазақстан ардагерлер футбол лигасы мен Инаят Қырықбаев басқаратын Жамбыл облысының әуесқойлар футбол лигасы екенін де айта кетейік. Ардагерлер арасындағы жарыстың бүкіл матчын YouTube желісінен тамашалауға болады.

Бөлісу
Жоғары