Біржан Оразов: «Қиындықтардың бәрін еңсердік деп айтуға болады»

Біржан Оразов: «Қиындықтардың бәрін еңсердік деп айтуға болады»

28 қаңтар 2022, 16:41
Футзалдан Қазақстан құрамасының ойыншысы Біржан Оразов Италиямен өтетін ойын алдында арнайы сұхбат берді:

- Италиямен өтетін ойыннан не күтесің?

- Италиямен өтетін ойынға дайындық толық жүріп жатыр. Олардың өткен ойындарының видеоларын қарап, талдау жасадық. Кездесуде жеңіске жетеміз деп ойлаймын. 

- Қазақстан құрамасы алғашқы екі матчта ойынды баяу бастап, екінші таймға қарай жылдамдығын арттырды. Ал, кездесу соңына қарай қарқынын тағы күшейте түсті. Мұның себебі неде?

- Өткен ойындарда бірінші болып гол өткізіп алдық. Нақты себебін білмеймін. Бәлкім, психологиялық сәттер әсер еткен шығар. Бұл жолы ойынның алғашқы минуттарынан қатты бастағымыз келеді. 

- Еуропа чемпионатының алдында Қазақстан құрамасының дайындығы толық болмады. Көптеген қиындықтар кездесті. Алайда, қазіргі уақытта команданың көңіл-күйі жақсы сияқты. Ол үшін қандай жұмыстар атқыралды?

- Көптеген қиындықтардың болғаны туралы айтылды. Сол қиындықтардың бәрін еңсердік деп айтуға болады. Енді жақсы ойын көрсетіп, оң нәтижеге қол жеткізу қажет. Елдің абыройы үшін күрсемеіз. Үшінші ойынға бар күш-жігерімізді саламыз. 

- Аренаға алғаш рет жанкүйерлер жиналады. Қандай ойдасың?

- Біздің ойынымыз ең алдымен жанкүйерлер үшін деп ойлаймын. Қазақстан халқы интернет арқылы көп қолдау көрсетіп жатыр. Жанкүйерлердің аренадағы қолдауы да үлкен күш берері анық. 

Бөлісу
Жоғары