Таразда Сейітжан Байшақовты еске алуға арналған республикалық турнир өтті

Таразда Сейітжан Байшақовты еске алуға арналған республикалық турнир өтті

01 сәуір 2022, 09:36
Дәстүрлі турнир жыл сайын ұйымдастырылып келеді.

22-27 наурыз аралығында Тараз қаласында футболдан 2007 жылы туған жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының спорт шебері Сейітжан Байшақовті еске алуға арналған республикалық турнир өтті. Жарықа Нұр-Сұлтан, Шымкент, Талдықорған, Петропавл, Түркістан және Тараз қалаларынан 8 команда қатысты.

Бес күнге созылған турнирде Тараз қаласының №5 спорт мектебінің «Ұлан-2007» командасы топ жарды. Екінші орын елордалық №8 спорт мектебінің жас футболшыларына бұйырды. Қызылжардан келген «Жеңіс» командасы үшінші орынды қанағат тұтты.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсіміне Қазақстан футбол федерациясы президентінің кеңесшісі Сейілда Байшақов қатысты.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары