Таразда ардагерлер арасында жолдастық матч өтті

Таразда ардагерлер арасында жолдастық матч өтті

13 мамыр 2022, 09:00
Тартысты өткен ойынды футболдан еңбек сіңірген жаттықтырушы Георгий Хутиди бастаған жанкүйерлер тамашалады.

Қазақстан футбол федерациясының  UEFA  құрамына  кіргеніне  20 жылдығына орай  2022 жылдың 6 мамыр күні Жамбыл облысы футбол федерациясының  ұйымдастыруымен Тараз қаласы  «Жастар»  стадионында Тараз қаласы құрамасы мен Қаратау қаласы құрамасының ардагерлері арасында футболдан жолдастық кездесу өткізілді.

Ойын  2-2  есебімен тең аяқталды. Тараз құрамасы сапында ҚФФ президентінің  кеңесшісі, Қазақстан футбол ардагерлері ұйымының  президенті Сейілдә  Байшақов  және  Иван  Бикеев, Асқар Көшекбаев, Берік Өскенбаев Шухрат Юнусов, Георгий Марденов, ал Қаратау құрамасында Дүйсен Бөлегенов, Нұржан Жүрінтаев, Нұржан Сеңгірбаев сынды футбол ардагерлері өнер көрсетті.

Бөлісу
Жоғары