Қазақстан жастар құрамасының Дания және Түркияға қарсы құрамы

Қазақстан жастар құрамасының Дания және Түркияға қарсы құрамы

18 мамыр 2022, 18:52
Қазақстан жастар құрамасының аға бапкері Қайрат Нұрдәулетов 2023 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінде Дания және Түркия құрамаларымен өтетін ойындарға шақырылған футболшылардың тізімін жариялады.

Тізімге 22 футболшы енді.

Қақпашылар: Данил Устименко, Темірлан Анарбеков (екеуі де - «Қайрат»), Данила Карпиков («Шахтер»);

Қорғаушылар: Дінмұхаммед Қашкен («Жальгирис», Литва), Александр Широбоков («Қайрат-Мәскеу», Ресей), Жалғас Жақсылықов («Тараз»), Арсен Буранчиев, Дамир Қасаболат (екеуі де - «Қайрат»), Лев Скворцов («Тұран»), Сағи Совет («Астана»), Жасұлан Жұмашев («Тобыл»);

Жартылай қорғаушылар: Сұлтан Сағнаев, Владислав Прокопенко, Станислав Басманов (барлығы - «Астана»), Данияр Үсенов, Еркебұлан Сейдахмет (екеуі де - «Қайрат»), Анатолий Красотин («Ақсу»), Дінмұхаммед Қараман («Тараз»), Әділбек Жұмаханов («Қайсар»);

Шабуылшылар: Данил Анкудинов («Шериф», Молдова), Иван Свиридов, Абылайхан Назымханов (екеуі де - «Шахтер»);

 

Резерв:

қорғаушылар – Асқар Сатышев («Гранада», Испания), жартылай қорғаушылар – Дамир Марат («Ақсу»), Муроджан Халматов («Ордабасы»), Мейрамбек Қалмырза («Оқжетпес»), Вячеслав Швырев («Қайрат»);

 

Жаттықтырушылар штабы: Қайрат Нұрдәулетов – аға бапкер, Асқар Ыдырысов – аға бапкердің көмекшісі, Нұрбол Жұмасқалиев – аға бапкердің көмекшісі, Юрий Новиков – қақпашылардың жаттықтырушысы.

 

Қазақстан U-21 жастар құрамасы 4 маусым күні сырт алаңда Даниямен ойнайды. Ойын Вайле қаласында өтеді. Кездесу елорда уақытымен 19:00-де басталады. 

10 маусым күні Қайрат Нұрдәулетов шәкірттері Түркияға қарсы ойнайды. Ойын Ыстанбұл қаласында «Реджеп Тайип Эрдоган» стадионында өтеді. Матч елорда уақытымен 23:00-де басталады.

Бөлісу
Жоғары