Қазақстан U-19 қыздар құрамасы Еуро-2022/23 іріктеу кезеңіндегі қарсыластарын білді

Қазақстан U-19 қыздар құрамасы Еуро-2022/23 іріктеу кезеңіндегі қарсыластарын білді

31 мамыр 2022, 19:59
2022/23 жылғы 19 жасқа дейінгі қыздар арасындағы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінің бірінші раундының жеребесі тартылды. Матчтар келесі күзге жоспарланған.

Біздің U-19 командасы Чехия мен Андорраға қарсы ойнайтын В лигасының 7 тобына кірді.

В лигасының командалары (оның ішінде 2021/22 маусымның екінші раундында А лигасынан шығып кеткен командалар), сондай-ақ УЕФА әйелдер турнирлерінде алғаш рет ойнайтын Гибралтар құрамасы А Лигасына шығу үшін жеті топта күреседі. Топ жеңімпаздары жоғары дивизионға көшеді.

Матчтар 30/31 тамыз бен 5/6 қыркүйек аралығында, немесе 4/5 пен 11 қазан аралығында, немесе 2022 жылғы 8/9 мен 14/15 қараша аралығында өтеді. Турнир иелері кейінірек анықталады.

Бірінші раундтың жеребесі:

А Лигасы

A1 тобы: Испания, Финляндия, Швейцария, Шотландия

A2 тобы: Швеция, Нидерланд, Греция, Түркия

A3 тобы: Италия, Мажарстан, Уэльс, Сербия

A4 тобы: Англия, Дания, Словакия, Словения

A5 тобы: Франция, Ирландия, Польша, Солтүстік Ирландия

A6 тобы: Германия, Аустрия, Украина, Израиль

A7 тобы: Норвегия, Бельгия (турнир иесі), Португалия, Мальта

 

В Лигасы

B1 тобы: Хорватия, Әзербайжан, Черногория, Кипр

B2 тобы: Румыния, Латвия, Албания, Армения

B3 тобы: Исландия, Литва, Фарер аралдары, Лихтенштейн

B4 тобы: Босния және Герцеговина, Молдова, Эстония

B5 тобы: Болгария, Косово, Гибралтар

B6 тобы: Беларусь, Солтүстік Македония, Грузия

B7 тобы: Қазақстан, Чехия, Андорра.

Бөлісу
Жоғары