Қазақстан ұлттық құрамасы жастар командасымен жолдастық кездесу өткізеді

Қазақстан ұлттық құрамасы жастар командасымен жолдастық кездесу өткізеді

28 мамыр 2022, 19:20
Матч жабық режимде өтеді.

Қазақстанның ұлттық және жастар құрамалары оқу-жаттығу жиындары аясында жолдастық матчын өткізеді. Ойын 29 мамыр күні «Астана Арена» стадионында жабық режимде өтеді.

Қазақстан жастар құрамасы 30 мамырдан бастап «Талғар» базасында дайындығын жалғастырады, содан кейін Еуро-2023 іріктеу матчына Данияға аттанады.

Ал Қазақстан ұлттық құрамасы 3 маусым күні Әзербайжанды қабылдайды.

Бөлісу
Жоғары