Қазақстан ұлттық құрамасы Ұлттар лигасына дайындығын бастады

Қазақстан ұлттық құрамасы Ұлттар лигасына дайындығын бастады

25 мамыр 2022, 22:14
Алғашқы жаттығу «Астана Арена» стадионында өтті.

Қазақстан ұлттық құрамасы жаттығу жұмыстарын бастады.

Оқу-жаттығу жиынына жарақат алған қорғаушы Марат Быстров пен отбасы жағдайына байланысты қақпашы Стас Покатилов келе алмады. Олар алдағы ойындарға қатыспайды. Ал Нұралы Әліп қатарға 29 мамыр күні қосылады.

Еске сала кетейік, Әзербайжанмен ойын 3 маусым күні сағат 20:00-де болады. Билеттерді zakazbiletov.kz сайтынан сатып алуға болады.

Бөлісу
Жоғары